"Заң және тәртіп" дөңгелек үстел
29.01.2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында полиция майоры Абенова А.М. дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар заң талаптары, құқық пен міндет, құқықбұзушылықтың салдары туралы маңызды ақпарат алды. Ашық форматтағы кездесуде жасөспірімдерді толғандырған сұрақтар талқыланып, пайдалы кеңестер берілді.
🎯 Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік сезімін нығайту.
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Просмотров: 167