МИФ (математика, информатика, физика) апталығының жабылу салтанаты

26.02.2026

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ
«БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ
НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ»  КММ

Бүгін мектебімізде МИФ (математика, информатика, физика) апталығының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Апталық барысында оқушылар өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау дағдыларын түрлі сайыстар мен интеллектуалдық ойындар арқылы көрсете білді.

Жабылу салтанатында апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен мұғалімдер марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. 

МИФ апталығы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын нығайтты. Осындай мазмұнды әрі пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

Просмотров: 115


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу