Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Конституциясы
09.09.2026
5-сыныпта биылғы оқу жылындағы алғашқы сынып сағаты Қазақстан Республикасының Конституциясына арналды.
Оқушылар «Адал азамат» болудың мәні неде екенін және бүгінгі білім алуларының еліміздің болашақтағы зерделі ұлтын қалыптастырудағы маңызы зор екенін талқылады.
Пікірталас мазмұнды әрі байыпты өтті. Бесінші сынып оқушылары еліміздің басты заңының негізгі қағидаларымен танысып, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік әр адамның өзінен басталатыны туралы ортақ пікірге келді.
Оқушыларға сынып жетекшісі Жұмалиев А.К.-ның жетекшілігімен жаңа оқу жылын сәтті, жемісті әрі нәтижелі өткізуге тілектеспіз! 📚✨

Просмотров: 21