Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» сынып сағаты
09.09.2026
3 «А» сыныбында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында алғашқы сынып сағаты өтті.
Оқушылар еліміздің басты құндылықтарын талқылады:
🤝 «Адал азамат» — адал болудың, игі істер жасау мен Отанды сүюдің маңызы туралы ой бөлісті.
🧠 Зерделі ұлт — жақсы оқу мен сапалы білімнің мықты мемлекет құруға қалай ықпал ететіні туралы әңгімелесті.
📜 Жауапты қоғам — Конституцияны құрметтеу, ережелерді сақтау және айналамыздағы адамдарды қадірлеудің маңызын түсінді.
Үшінші сынып оқушылары өздерін нағыз патриот әрі саналы азаматтар ретінде көрсете білді. ❤️
Сынып жетекшісі: Шаерман Л. В.

Просмотров: 28