«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».
09.09.2026
Бүгін 1 «А» сыныбының бүлдіршіндері сынып жетекшісі Оспанова К.К.-мен бірге өздерінің ең алғашқы әрі маңызды сынып сағатын өткізді. 🇰🇿
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».
🤝 «Адал азамат» — бұл мейірімділік, адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік және жақсы істер жасау.
🧠 Зерделі ұлт — бұл жақсы білім алуға деген ортақ ұмтылысымыз және күн сайын жаңа нәрсе үйрену.
📜 Заң және тәртіп — оқушылар Конституция туралы мағлұмат алып, ережелердің тату әрі қауіпсіз өмір сүру үшін қажет екенін түсінді.
Біздің кішкентай оқушыларымыз сабақты жақсы оқуға, жауапты әрі ұйымшыл болуға уәде берді! ❤️📚
Просмотров: 113