«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
08.10.2026
2 қазан күні мектебімізде 3-4 сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
Білім бәйгесіне қатысқан оқушылар өздерінің логикалық ойлауын және есеп шығару шеберліктерін сынап көрді.
Тәжірибелі ұстаздардан жасақталған қазылар құрамы оқушылардың жұмыстарын мұқият тексеріп, әділ бағасын берді.
Тапсырмалардың орындалу барысы, логикалық шешімдердің дұрыстығы мен есептің шығарылу жолдары жіті талданды.
Үздік шыққан жеңімпаздардың есімі жақын арада жарияланады.✨
#алтынсақаолимпиадасы

Просмотров: 24