Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды!

09.10.2026

Кәсіби мереке — Ұстаздар күнінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Кабдешева Меруерт Бекеновна қала әкімінің Алғыс хатына ие болды!
Алғаш әріп танытып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің жүрегіне жол таба білген ұстазымыздың бұл марапаты — адал еңбектің айғағы. Әр сабағын қызықты өткізіп, әр баланың талантын ұштай білетін Меруерт Бекеновнаның марапаты құтты болсын дейміз!
Ұстаздық жолыңыз сәтті, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көріне берсін. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! Құттықтаймыз! 🎉🏆

       

Просмотров: 356


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу