Ұстаз еңбегі — ұрпаққа өнеге: 35 жылдық еңбек жолы
09.10.2026
Степногорск қаласында Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Осынау айтулы іс-шарада мектебіміздің басшысы Сымбат Сапаровна айрықша құрметке бөленді!
Биыл Сымбат Сапаровнаның білім беру саласындағы қажырлы, жемісті және үзіліссіз еңбек өтіліне тура 35 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол қаншама ұрпақты қанаттандырып, мектебіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қалалық деңгейдегі салтанатты жиында басшымыздың осы еңбегі еленіп, құрмет тұғырынан көрінуі — бүкіл мектеп ұжымы мен оқушылары үшін үлкен мақтаныш!
Сымбат Сапаровна сізге сарқылмас қуат, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және отбасыңызға амандық тілейміз 💐

Просмотров: 31